Халықаралық интеграция

Ә.Исекешев: Қазақстанда испан капиталының қатысуымен 47 компания жұмыс істейді

Испания Корольдігінің сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Х. М. Гарсия-Маргальоның Астанаға жасаған сапары аясында қазақстандық және испандық кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес форум өтуде. Шара барысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстанда испан капиталының қатысуымен 47 компания жұмыс істейтіндігін айтты.
Нұр-Сұлтан25 Сәуір , 10:34

«Испания – Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі. Біздің  серіктестігіміз  қарқынды дамуды көрсетті. Бізде испаниялық компаниялармен ынтымақтасуда үлкен тәжрибе бар, оның көп бөлігі Қазақстанда жұмыс істейді. Бізд достастығымызды, серіктестігімізді бағалаймы. Бүгінде 47 компания испан капиталының қатысуымен жұмыс істейді. Көптеген ірі компаниялар бар: Тecnicas Reunidas S.A., INDRA, ACS, Airbus, «Тальго. Олар өз қызметтерін Қазақстанда белсенді дамытуда», - деді министр.

Ведомство басшысы атап өткендей, бүгінде Қазақстан мен Испания инженерия, туризм мен астық өнеркәсібі, энергеияның баламалы көздері саласында ынтымақтасады.

«Соңғы 10 жылда Қазақстан 200 млн шетелдік тікелей инвестиция тартты. Осы бағындырған белесте әлі тоқтамаймыз. Біздің алдымыздағы мақсат 30 дамыған елдің қатарына ену болып табылады. Жақында ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жарияланды. Құжат аясында Қазақстан экономикасы дамитын болады. Инвесторлар мен инвестиция тартудың жаңа әдістері әзірленеді», - деді министр.

Айта кетейік,  қазақстандық жақтан 90 комапния қатысуда. Олар ауыл шаруашылық, құрылыс, архитектура, мұнай өндірісі, энергетика, авиация, әскери технология және көлік саласынан.

Испандықтардың бизнес-делегацияларынан 20-дан астам компания келді және олар инвестиция, көлік технология және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберіндегі ынтымақтастыққа мүдделі, сонымен қатар құрылыс, жаңартылған энергия, көлік, инфрақұрылымдық нысандар, телекоммуникациялар, ауыл шаруашылық салаларына да мүдделі.

Бизнес-форму барысында Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Испанияның сауда палатасы арасында Қазақстандық-Испандық іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қою жоспарланған.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика