• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Демеуов: 2013 жылы Парламент төрт кодекстің жаңа редакциясының жобаларын қарайды

М.Демеуов: 2013 жылы Парламент төрт кодекстің жаңа редакциясының жобаларын қарайды

20 Қараша, 2013 17:58
2013 жылы Парламент төрт кодекстің жаңа редакциясының жобаларын қарайды, деп ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Биыл Парламентке төрт кодекстің жаңа редакциясының жобалары енгізіледі. Олар: ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі, ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, ҚР Қылмыстық орындау кодексі. Мұнда қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғу, бас бостандығынан айыру сынды жаза түрлері күшейтіледі. Сонымен қатар, бас бостандығынан айырудың баламалы жаза түрі енгізіледі», - деді М.Демеуов.

Мысалы, ұсақ бұзақылық жасағандарға салынатын айыппұл мөлшері 5 АЕК-ден 200 АЕК-ге дейін көбейтіледі. Сонымен қатар, ондай бұзақыларды 10 тәулікке қамасақ, алдағы уақытта 3 айға дейін бас бостандығынан айырамыз», - дейді М.Демеуов.

Сонымен бірге, қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, жұрттың мазасын алғандар бұрын 15 күнге қамалып келсе, жаңа заң жобасы күшіне енгеннен соң маскүнемдер 2 айға дейін бас бостандығынан айырылады.

Барлық жаңалықтар