• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: Қазақстанда испандық капиталдың қатысуымен 47 компания жұмыс істейді

Ә.Исекешев: Қазақстанда испандық капиталдың қатысуымен 47 компания жұмыс істейді

25 Сәуір, 2016 10:17
Астанада Қазақстанға Испания Королдігінің сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальоның ресми сапары аясында испандық және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен қазақ-испан бизнес-форумы өтуде. Форум барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстанда испандық капиталдың қатысуымен 47 компания жұмыс істейдіндігін мәлім етті.

«Испания – Еуропадағы Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестерінің бірі және біздің серіктестік өте жақсы дамуды көрсетуде. Бізде испандық компаниялармен ынтымақтасуда үлкен тәжірибе бар, оның көбісі Қазақстанда жұмыс істейді және елді жақсы таниды. Біз ынтымақтастығымызды бағалаймыз. Бүгінгі күні Қазақстанда испандық капиталдың қатысуымен 47 компания жұмыс істейді және оның ішінде оңтайлы компаниялар бар. Мысалы, ірі маштабты Тecnicas Reunidas S.A., INDRA, ACS, Airbus компаниялары, ал «Тальго» Қазақстанда табысты іске асуда»,-деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, бүгінгі күні Қазақстан мен Испания инженерия, туризм, азық-түлік өңдеу, жаңартылған энергия және МЖӘ бағытында ынтымақтастықты дамытуда.

«Соңғы 10 жылда Қазақтан 200 млн-нан астам шетелдік инвесторларды тартуда, алайда бұл жерден біз тоқтамаймыз, қазір, елдің алдында түрлі шақыртулар болғандықтан, 30 дамыған елдің қатарына кіру бойынша өршіл жоспар бар. Инвесторларды тарту мен қауіпті төмендету бойынша жаңа мехнаизмдер әзірленуде, сонымен қатар ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес, инвестициялық климатты жақсарту»,-деді министр.

Испандықтардың бизнес-делегацияларынан 20-дан астам компания келді және олар инвестиция, көлік технология және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберіндегі ынтымақтастыққа мүдделі, сонымен қатар құрылыс, жаңартылған энергия, көлік, инфрақұрылымдық нысандар, телекоммуникациялар, ауыл шаруашылық салаларына да мүдделі.

Айта кетейік, бизнес-алаңда Тecnicas Reunidas S.A., INDRA, ACS, Airbus компаниялар болды және олар испандық қор биржасында 35 ірі испандық компания тізімінде бар |ВЕХ 35.

Қазақстандық жақтан 90 комапния қатысуда. Олар ауыл шаруашылық, құрылыс, архитектура, мұнай өндірісі, энергетика, авиация, әскери технология және көлік саласынан. Форумда «Нух Байтерек» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП қаржы саласы қатысуда.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар