Астанада қазақ-испан бизнес-форумы өтуде

25 Сәуір, 2016 09:32
Астанада Қазақстанға Испания Королдігінің сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальоның ресми сапары аясында қазақ-испан бизнес-форумы өтуде.

Қазақстандық жақтан 90 комапния қатысуда. Олар ауыл шаруашылық, құрылыс, архитектура, мұнай өндірісі, энергетика, авиация, әскери технология және көлік саласынан.

Испандықтардың бизнес-делегацияларынан 20-дан астам компания келді және олар инвестиция, көлік технология және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберіндегі ынтымақтастыққа мүдделі, сонымен қатар құрылыс, жаңартылған энергия, көлік, инфрақұрылымдық нысандар, телекоммуникациялар, ауыл шаруашылық салаларына да мүдделі.

Бизнес-форму барысында Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Испанияның сауда палатасы арасында Қазақстандық-Испандық іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қою жоспарланған.

ҚР Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Руслан Сұлтанов Қазақстандағы Испан инвестицияларының  рөлін атап өтті.

«Осындай үлкен көлемді форумда қуатты халықаралық концерндердің қатысып жатқандығы қуантады, мысалы Airbus, Talgo. Біз үшін, осындай брендтермен ынтымақтасу инвестициялардың ағыны ғана емес, сонымен қатар технологиялардың трансфері және ол өндірісті үздік жетілдіруге ынталандырады»,-деді ол.

Өз кезегінде Қазақстанмен оңтайлы ынтымақтастығын испан делегациясының өкілі айтып өтті.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар