- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздің барлық өңірлерінде әскери қызметшілер сенбілікке шықты (ФОТО)
Еліміздің барлық өңірлерінде әскери қызметшілер сенбілікке шықты (ФОТО)
Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты департаменттері мен басқармаларының, құрылымдық бөлімшелерінің, Астананың маңында орналасқан ҚР ҚК әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері, ҚР ӘҚК бас қолбасшысының басқармасы, «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері, әскери полиция, бас әскери-медициналық басқармасының әскери қызметшілері шықты.
Ақмола өңірлік гарнизонында сенбілік барысында әскери қызметшілер 3 мың көшет отырғызып, ҚР Қорғаныс министрлігінің Ильинка кентіндегі коттедж қалашығында, 68665 әскери бөлімінің аумағында, Тұран даңғылындағы «Астана жұлдызы» стеласынан бастап №31 көшеге дейін, ҚӘ, ӘҚК және ӘТК бас қолбасшылары басқармаларының, Әскери полициясы бас басқармасы, Бас әскери-медициналық басқармасы, госпиталь, қорғаныс істері жөніндегі департаменттері, 14776, 83205 әскери бөлімдері, «Жас ұлан» республикалық мектебінің орналасуы орындарында, ҚР Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимараттары айналасында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстар жүргізді.
Негізгі назар ҚР ҚМ Ильинка кентіндегі коттедж қалашығын көгалдандыруға бағытталды. Оған 915 әскери қызметші, азаматтық персонал және олардың отбасы мүшелері қатысты. Әскери қызметшілер 1200 көшет: 250 долана, 250 шетен, 700 бәйтерек отырғызды.
68665 әскери бөлімінің аумағында 900 әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері атсалысты. Ол жерде 1 100 көшет отырғызылды. 52 әскери қызметші пен азаматтық персонал 23366 әскери бөлімінің аумағында 180 көшет, яғни, 100 терек, 50 долана, 30 шетен талы мен бұта қоршамының 10 мың бұтағын отырғызды.
«Оңтүстік», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары, Аэроұтқыр әскерлері мен Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде дәстүрге айналған көктемгі сенбіліктер 16 сәуірде басталғанын айта кетейік. Оған 26 703 әскери қызметші, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелері қатысты. 10 171 ағаш және 1 535 гүл, оның ішінде қылқан жапырақты 3 252 көшет, 5 404 жапырақты ағаш көшеті, 1 515 жеміс-жидек ағаштарының көшеттері мен 21 495 тал-шілік отырғызылды.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Абай жылының айшықты тұстары -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты -
Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуал: Вирус жұқтыру көрсеткіші өсті -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты