- Басты
- Жаңалықтар
- Отан қорғаушылар күніне орай әскери кафедраның студенттері әскери марш өткізді (ФОТО)
Отан қорғаушылар күніне орай әскери кафедраның студенттері әскери марш өткізді (ФОТО)
«Біз дәстүрлі түрде қалыптасқан баяндамалар мен концерттен алшақтап, студенттердің өтініштерін елеп ескере отырып, ашық есік күндері кезінде ағымдағы жылы әскери дайындық бойынша сабақтарда бозбалалардың жинақтаған дағдылары мен шеберліктерін паш етуді жөн көрдік», - деді әскери кафедрада.
Аз уақыт ішінде жоспарлы оқу бағдарламасын іске асыра отырып, әскери білімді бірінші жыл игеріп жүрген студенттер айла-тәсілдер мен іс-қимылдарды жақсы үйреніп алған және көпшілік меймандардың алдында ұштаған білімдерін көрсетті. Оларға марш өткізуге тура келді. Бозбалаларға әскери кафедрада оқып жүрген кездерінде қандай жетістіктерге қол жеткізгендерін іс жүзінде көрсету қажет еді.
Қарусыз саптық айла-тәсілдер мен АКМ автоматтарымен дефиленің көрсетілуі, таңғы дене шынықтыру мен гимнастикалық қалашықта сабақтардың ұйымдастырылуы қонақтар мен бірінші курс студенттерінің көпшілігінің таңдайын қақтырды. Қарсыластың жаппай қырып-жою қаруын қолдануы кезінде әскери қызметшілердің іс-қимылдарды орындауы кезінде бірден үш норматив пысықталғанын айта кетейік. Сондай-ақ бір уақытта, оның ішінде жабық көзбен АГС-17 автоматты гранатаатқышты, автоматты (қол оқшашарын, Драгуновтың мерген винтовкасын) толық емес бөлшектеу және құрастыру бойынша жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар әскери радиостанцияларды ретке келтіру жүріп жатты, саптық есептоппен үш қатарға танкіге қарсы миналарды орнату жүзеге асырылды, запастағы полковник Ғ.Т. Жүнісовтің басшылық етуімен жорықтықтан ұрыс қалпына артиллериялық жүйені ауыстыру және шартты қарсылас танктерінің шабуылының тойтарысы бойынша студенттердің іс-әрекеттері пысықталды.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті