• Басты
  • Жаңалықтар
  • АМӨЗ мен ТШО өндірістік нысандарын Энергетика министрлігінің басшылығы тексерді

АМӨЗ мен ТШО өндірістік нысандарын Энергетика министрлігінің басшылығы тексерді

23 Сәуір, 2016 14:32
Энергетика министрілігі Қанат Бозымбаев Тенгиз және «ТШО» ЖШС мен «АМӨЗ» ЖШС өндірістік нысандарында болды, деп хабарлады ведомство.

Сапар барысында энергетика министрі ТШО өндірістік нысандары, екінші айналым зауыты, кешендік-техникалық желі  1 және  2 (КТЛ-1, КТЛ-2) нысандарын аралады.

Сондай-ақ, энергетика министрлігі АМӨЗ қайта жаңғыртылуы мен қайта жөнделуін тексерді, оған жұмыс нысандарының жұмыс кестесі көрсетілді.

Қазіргі таңда Қашаған кен орнын игеру жұмыстары тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеу кезеңінде тұр, жалпы алғанда кен орнындағы аралдар арасындағы, «Болашақ» жер үсті және теңіз кешеніндегі құбырларды ауыстыру жұмыстары графикке сәйкес жүргізілуде. Жоба операторының мәліметіне сәйкес өндіру жұмыстары 2016 жылдың соңында қайта басталады.

Сондай-ақ сапар барысында ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын аралап, мұнайгаз-химия жобаларының іске асырылу барысымен танысты.

Барлық жаңалықтар