• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық ҚХА моделі ЕҚЫҰ қатысушы елдерінде 56 тілде таныстырылды – сарапшы

Қазақстандық ҚХА моделі ЕҚЫҰ қатысушы елдерінде 56 тілде таныстырылды – сарапшы

23 Сәуір, 2016 15:03
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі халықаралық беделдің өсіп, Қазақстанды халықаралық аренада беделін көпэтникалық ел ретінде таныстырады, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанның көпэтникалық ел ретінде халықаралық беделінің өсуіне әсер етеді. Көпэтникалық жаңашылдықтың негізі әлемге атақты Назарбаевтың моделі болып табылады. Бұл өзге елдердің қызығушылығын арттырды. Осы елдердің ұсынысы бойынша ҚХА өкілдігі Ұлыбритания, Германия, Испания, Болгария елдерінде ашылуы мүмкін», - деді Л.Ни.

Ол атап өткендей, ЕҚЫҰ елдерінің 56 тілінде таныстырылады.

«ҚХА-да қоғамдық келісім мен бірлік бойынша қазақстандық модельдің насихатталуы бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссарымен, Ресей халқы Ассамблеясы, Татарстан халқы Ассамблеясы, Қырғызстан халқы Ассамблеясымен  меморандумға қол қойды», - деді Л.Ни.

2010 жылдан бастап «Болашақты еске алу» халықаралық жобасы жүзеге асырылуда, шара 31 мамыр құрбандарды еске алу негізінде жүзеге асады.

«2014 жылы ҚХА мен АӨСШК арасында ынтымақтастық туралы меморандум құрылды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар