- Басты
- Жаңалықтар
- Қашаған кен орнын игеру жұмыстарын 2016 жылдың соңында қалпына келтіру жоспарлануда - ҰЭМ
Қашаған кен орнын игеру жұмыстарын 2016 жылдың соңында қалпына келтіру жоспарлануда - ҰЭМ
Сапар барысында Министрлік, Атырау облысы әкімдігі, «PSA» ЖШС өкілдері және жоба операторы болып табылатын NCOC өкілдері Қашаған кен орнының «Д» аралын, сондай-ақ «А» аралы мен ЕРС2, ЕРС3, ЕРС4 спутник аралдарын аралады. Сонымен қатар кен орнын аралау барысында кездесуге қатысушылар «Болашақ» Мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда Қашаған кен орнын игеру жұмыстары тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеу кезеңінде тұр, жалпы алғанда кен орнындағы аралдар арасындағы, «Болашақ» жер үсті және теңіз кешеніндегі құбырларды ауыстыру жұмыстары графикке сәйкес жүргізілуде. Жоба операторының мәліметіне сәйкес өндіру жұмыстары 2016 жылдың соңында қайта басталады.
Сондай-ақ сапар барысында ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын аралап, мұнайгаз-химия жобаларының іске асырылу барысымен танысты.
Оның ішінде салынған инфрақұрылымдық нысандарын (теміржолдар, электр тасымалдау желілері және т.б.) және іске қосылған полимер өнімінің өндірісін қарап шықты.
Сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымдардың жобалары құрылысының (қуаты 310 МВт құрайтын газ турбиналық электр станциясы, азот қондырғылары, су дайындау) және полипропилен өндірісінің (қуаттылығы жылына 500 мың. тонна) операторлары жобаларды іске асыру барысы жөнінде баяндады.
Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА 2007 жылдың 19 желтоқсанында ҚР Президентінің № 495 Жырлығыме 2032 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге құрылды.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді