- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ТМД елдерінің Үкіметтері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ТМД елдерінің Үкіметтері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты
«Бір жақты және кеңейтілген форматтағы отырыста Қазақстан, Ресей, Белорусь, Әзірбайжан, Армения, Украина, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары интеграциялық өзара іс-әрекеттің одан әрі дамуы мәселелерінің кең ауқымын талқылады», - делінген хабарламада.
Нақты айтқанда, Еркін сауда аймағы туралы келісім-шартты жүзеге асыру барысы, ТМД елдерінің 2020 жылға дейін энергия ресурстарын өндіру және пайдалану болжамы, Мәскеуде БКО базасында ТМД елдерінің тұрақты жұмыс жасайтын көрмелерін құру туралы ақпарат тыңдалды.
Сондай-ақ, экономикалық және гуманитарлық сферада ынтымақтастықты жандандыру бойынша құжаттардың үлкен пакеті қаралды. Олардың ішінде – энергияның жаңартылатын көздерін пайдалану саласындағы ынтымақтастық Тұжырымдамасының, ғылыми-техникалық ақпарат сферасында кадрлар даярлаудың мемлекетаралық жүйесін қалыптастыру және дамытудың жобалары, 2020 жылға дейін туризмді дамыту Стратегиясы және басқалары.
ТМД ҮБК қортындылай келе, Үкіметтердің басшылары 27 ортақ құжатқа қол қойды. Олардың арасында ұлттық шаруашылық жүргізуші субъектлердің шоғырланған қаржы есептілік туралы Келісімі бар. Құжат ұлттық есептеу жүйелерін Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарымен жақындастыруға және үйлестіруге бағытталған.
Электр энергиясын мемлекетаралық жеткізу саласында жалпы электрлік-энергетикалық нарықты құру және тарифтік саясат жүргізуде ТМД елдеріне көмек көрсету үшін электр энергетикасы саласында мемлекетаралық қарым-қатынастарды үйлестіру туралы Келісімге өзгертулер енгізілді.
Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім жасалды, ТМД-да көрме-жәрмеңкелік және конгрестік қызметті дамыту туралы Келісімге өзгертулер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.
ТМД ҮБК келесі отырысы 2014 жылдың мамыр айында Киевте өтеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты