- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Ақмола облысының диқандары 4,6 миллион гектар алқапқа астық егуді көздеп отыр (ФОТО)
Биыл Ақмола облысының диқандары 4,6 миллион гектар алқапқа астық егуді көздеп отыр (ФОТО)
Биылғы жылы Ақмола облысының диқандары барлығы 4,6 миллион гектар алқапқа дән екпек - М.БалпанОның айтуынша, осы күні облыста биылғы көктемгі дала жұмыстарын өткізуге агроөндірістік кешенді дайындау жұмыстары аяқталды. Қазір өңір диқандарының алдында уақытында әрі тиісті агротехникалық деңгейде көктемгі егісті өткізу және мол астық алудың негізін қалау міндеті тұр.
«Облыс бойынша көктемгі егіс 4,6 миллион гектар алқапта өткізу жоспарланған. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4,2 миллион гектар алқапқа сіңіріледі. Негізгі азық-түліктік дақыл - жаздық бидай 3,7 миллион гектар жерге себіледі. Бұл өткен жылғы деңгейден 94,5 мың гектарға артық. Майлы дақылдар алқабы 206,7 мың гектарды құрайды. Бұл биылғы жылы майлы дақылдар өсіру технологиясын сақтауға және өңірде майлы дақылдар тұқымы өндірісі көлемін арттыруға мүмкіндік береді»,-деді басқарма басшысы.
Еске сала кетейік, кеңеске облыс әкімі Сергей Кулагин және өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, аудан әкімдері және сала мамандары қатысуда.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді