• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Сәрсембаева: Еуразиялық медиа форум өзекті мәселелерді қарастырады (ВИДЕО)

Р.Сәрсембаева: Еуразиялық медиа форум өзекті мәселелерді қарастырады (ВИДЕО)

22 Сәуір, 2016 18:19
Еуразиялық медиа форумы өзекті мәселелерді қарастырады, деді Қазақстанның іскерлік әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаев XIII Еуразиялық медиа форумы аясында.

«Мен Еуразиялық медиа форумға құрылғанынан бастап қатысып келемін. Бұл БАҚ пен азаматтық қоғамның, саясаткерлердің асыға күтетін шараларының бірі. Біз – әйелдер бейбітшілікті әркез қолдаймыз, даулар отбасыларды, балаларды, әйелдерді қозғамағанын қалаймыз. Себебі соғыс ең біріншіден отбасыға әсер етеді. Бұл орайда Елбасының саясаты өте орынды», - деді Р.Сәрсембаева.

Ол  Елбасының   «Әлем. XXI ғасыр» манифесін атап өтті.

«Елбасының баяндамасын ядроға қарсы самитте аса ықыласпен тыңдады. Барлығы өз халқыңның мүддесін қорғап отырған ниетті түсінеді. Әлемде бейбітшіліктен басқа маңызды құбылыс жоқ. Орын алатын даулар – бұл біреудің саяси мақсаты ғана. ЕАМФ көптеген өзекті мәселені қарайды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Видео: Азамат  Әлиев

Барлық жаңалықтар