Қ.Тоқаев Ұлыбритания СІМ-ң бұрынғы басшысын қабылдады

22 Сәуір, 2016 17:14
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев Астанада өткен ХІІІ-ші Еуразиялық медиа форумға келген Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Строны қабылдады.

Қ.Тоқаев қазақстандық Парламенттің заңнамалық қызметі туралы және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың институционалдық реформасының жүзеге асу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесуде екеуі әлемдегі саяси жағдайлар туралы пікір алмасты. 

Барлық жаңалықтар