- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенттік спортшы Риодағы Олимпиадаға жолдама ұтып алды
Шымкенттік спортшы Риодағы Олимпиадаға жолдама ұтып алды
22 Сәуір, 2016 19:11
Оңтүстік Қазақстан облысының қоржыны тағы бір жолдамамен толықты. Шымкенттік спортшы Сабина Әшірбаева таяуда өткен Бразилиядағы лицензиялық чемпионатта 69,5 балл жинап, бірінші орын алды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Спортшы Австрия, Германия, Италия мен Финляндияның гимнасшыларынан оза шауып, үздік атанды. Осылайша, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы ХХХІ олимпиада ойындарына қатысатын облыс спортшыларының саны 15-ке жетті.
Олимпиада жүлдесіне үміткер ретінде еліміздің намысын жалғыз өзі қорғайтын көркем гимнасшы үшін бұл алғашқы олимпиада ойыны болып отыр. Енді Сабина Риода өтетін ХХХІ олимпиада ойындарында қайта топты жару үшін тыңғылықты дайындыққа көшетін болады.
Естеріңізге салайық, Азияның абсолюттік чемпионы Әлия Юсупованың бапкерлігімен жарыстарға дайындалып жүрген Сабина былтыр Инчхонда өткен Азия ойындарында қола медальге ие болған еді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды