Чехия аймақтары Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын – ҚР СІМ

22 Сәуір, 2016 18:53
Чехиядағы Қазақстанның елшісі Сержан Әбдыкаримов Оңтүстік чехиялық аймақтың гейтманы (губернатор) Йирж Зимолдың шақыртуымен аймақтың астанасы – Чехтік Будеёвицада болды.

Сапардың мақсаты еліміздің өңірлерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тереңдетуді жалғастыру, Чех бизнесін тарту, Қазақстандағы технологиялар мен инвестициялар  болды, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Кездесу барысында С.Әбдыкаримов Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынастардың серпінді даму қысқаша айтып берді, сонымен қатар «Нұрлы жол» және Ұлт жоспары «5 институционалды реформаны іске асыруда 100 нақты қадам» негізінде Қазақстанның ұзақ мерзімдік стратегиялық модернизациясын, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысын айтты.

Оңтүстік чех аймағының басшысы қонақты экономикалық дамумен таныстырды, сондай-ақ өзара тиімді бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты орнатуға мүдделілік білдірді.

«С.Әбдыкаримов сапар барысында Лоучовица қ. Липендік муниципал мен мэрлер Кеңесінің өкілі Ян Кубикпен кездесті, сондай-ақ олармен бірге Қазақстанның инвестициялық, экспорттық және  сауда-экономикалық негізін таныстырып өтті»,-деп хабарламада айтылған.

Дипломат қарандаштар мен «Кох-и-Нор» кеңсе тауарларының атақты компанияларында,  MAGNA автобөліктерді өндіруші зауытында және «Jihostroj»  машина жасау зауытында болды.

Айта кетейік, Оңтүстік чех аймағы аграрлық өңір және оның экономикасының негізін ауыл шаруашылығы , балық және орман шаруашылығы. Чехияның жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің өңірдегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының үлесі 11% -ды құрайды. Ауыл шаруашылығында  дәнді, азықтық өсімдіктер және картопты өсіру басым. Мал шаруашылығында ірі қара малдар басым. Елдің балық жартысы балық шаруашылығымен айналысады – ол жерде 7000 тоғандар орналасқан және оның аумағы 30 000 гектар. Аймақта машина жасау, транспорттық индустрия, тамақ, тігін және құрылыс кісібі дамыған. Чехия өнеркәсіп өнімінің көлемі 5% -ды құрады. 

Барлық жаңалықтар