• Басты
  • Жаңалықтар
  • Л.Ибрагимова: Қазақстандағы кәсіпкер әйелдер инновациялық жобаларды дамыта бастады

Л.Ибрагимова: Қазақстандағы кәсіпкер әйелдер инновациялық жобаларды дамыта бастады

22 Сәуір, 2016 16:24
Қазақстандағы кәсіпкер әйелдер инновациялық жобаларды дамыта бастады. 2006-шы жылы инновациялық грантқа тапсырыс бергендер 3-4% ғана болған. Қазір бұл көрсеткіш екі жарым есеге артып, 10%-ды құрап отыр. Бұл туралы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ы басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова айтты.

«ҚР 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік Стратегиясы – бұл үлкен бағдарламалық құжат. Нақты тапсырмалар болды, біл айтарлықтай үлкен жетістіктерге жеттік.Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдердің экономикалық тұрғыдан алға жылжуына ерекше көңіл бөлді. Әйелдердің бостандығы, оның рухани дамуы экономикалық негізге де байланысты»,-деді Л.Ибрагимова Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдары гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алды ала қорытындыларына арналған халықаралық конференцияда.

2006-шы жылы бизнестегі әйелдер 30% ғана болса, қазір шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 50%-ға дейін жетті. Бұдан бөлек, әйелдер мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, мемлекеттің қолдауын пайдалануда.

«Бүгінгі таңда олар тек жекеменшік денсаулық сақтау мен білім беру салаларында ғана емес, өндірістік нысандарда да жаңа жобалар құруда. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында әрбір үшінші жоба әйел кәсіпкерлерге тиесілі. Олар инновациялық жобаларды дамытуға қомақты үлес қосып келеді. 2006-шы жылы инновациялық грантқа тапсырыс бергендер 3-4% ғана болған. Қазір бұл көрсеткіш екі жарым есеге артып, 10%-ды құрап отыр»,-деді Л.Ибрагимова.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар