- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР МҚІМ: Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 55% құрайды
ҚР МҚІМ: Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 55% құрайды
«Гендерлік саясатты іске асыру мақсатныда Министрлікпен мемлекеттік қызметтің сапалы көрсеткішіне тұрақты түрде талдау жүргізіледі. 2016 жылдың 1 қаңтардың жағдайы бойынша мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 50 219 адамды құрайды. Саяси мемлекеттік қызметшілердің арасында әйелдердің үлесі шамамен 10% -ды құрайды, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында «А» корпусы бойынша 15% астам әйелдер, «Б» корпусында – 55,4%. Мемлекеттің қызмет кадрының мониторингі 2015 жылы мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін әйелдердің саны өткен жылғымен салыстырғанда 0,8 %-ға өскендігін аңғартады. Айта кетейін дегенім, мемлекеттік қызметкерлердің тең жартысы «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталды және олар әйелдер»,-деді Н.Ыбырайым.
Сонымен қатар, вице-министр ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы министрліктің қарамағында болғанымен, республикада гендерлік зерттеу мен гендерлік саясатты ғылыми және сараптамалық қолдауды жүзеге асыруда белсенді рөл атқарады.
«Академияда магистранттардың, докторанттар мен академия тыңдармандарының оқу және әкімшілік мәдениетінің жалпы деңгейін арттыру жүргізілуде. Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, академия жыл сайын гендерлдік теңдік, гендерлік бюджеттеу, білім берудің жалпы деңгейін көтеру бойынша мемлекеттік қызметкерлерге біліктілікті арттыру бойынша семинар өткізеді. 2015/2016 оқу жылдарында академия гендерлік саясат тақырыбында әр түрлі мемлекеттік органдардан келген 138 әйел-басшылықты оқытты»,-деді ол.
Н.Ыбырайым өз сөзінде ҚР-да алдағы уақытта гендерлік теңдікті дамыту мақсатында 2016 жылдың екінші жартыжылдығында жаңа оқу жылдарында біліктілікті арттыру бойынша бағдарламаларға Гендерлік саясат туралы жаңа оқу модулін енгізуді және мемлекеттік қызметкерлерді 4 сағатта қайта дайындауды жоспарлауда.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары