ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Тараз қаласында ағымдағы жылы 2 индустриалдық жоба іске асырылады

Тараз қаласында ағымдағы жылы 2 индустриалдық жоба іске асырылады. Бұл туралы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров айтты.
Жамбыл22 Сәуір , 16:57

«Ағымдағы жылы құны 9 млрд. 415 млн. теңгені құрайтын 2 индустриялдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, онда 50 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. 2016 жылдың 2-ші жартыжылдығында «Минералды тыңайтқыштар зауыты» жылына 220 мың тонна экстрационды фосфор қышқылын өндіретін  технологиялық жүйесін қайта жаңғырту мен «Жамбылгипс» АҚ-ы жылына 270 мың тоннагипс өнімдерін өндіретін жаңа цехтің құрылысын және қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтайды»,-деді қала әкімі.

 




Яндекс.Метрика