2013 жылы жол ережесін бұзғандар 10 млрд теңге айыппұл төледі – М. Демеуов

20 Қараша, 2013 17:16
Ағымдағы жылы жүргізушілер жол ережесін бұзғаны үшін 10 млрд теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Демеуов мәлімдеді.

«Жыл басынан бастап жол ережесін 2,5 млн адам бұзды, 40 мың жүргізуші сау емес күйінде рөлге отырып ұсталды. Кінәлілерден 10 млрд айыппұл алынды», - деді Марат Демеуов.

Сондай-ақ, ауыр қылмыс пен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азайған.

Ол ағымдағы жылы 2,3 млн әкімшілік құқық бұзушылық жасалып, 1,8 млн адамға 14 млрд теңге айыппұл жүктелгенін айтты.

Ведомство басшысының мәліметінше, ағымдағы жылы Парламентте жаңа 4 кодекстің енгізілуі болады. Онда құқық бұзғандардың жазасын қатаңдату сұрақтары қарастырылды.  

«Мәселен, ұсақ-түйек қылмыс бойынша 5-тен 200 АЕК-ге дейін, 10 айдан 3 айға дейін созылып отыр. Сау емес күйде көлік жүргізгендер үшін ең көп тұтқындау үрдісі  2 айға созылады», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар