• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан ОА елдері үшін гендерлік теңдік жөнінде үлгі бола алады – БҰҰ сарапшысы

Қазақстан ОА елдері үшін гендерлік теңдік жөнінде үлгі бола алады – БҰҰ сарапшысы

22 Сәуір, 2016 15:04
Қазақстан Орталық Азия елдері үшін гендерлік теңдік жөнінде үлгі бола алады, деді Орталық Азиядағы «БҰҰ - әйелдер» көпелді бөлімінің директоры Азии Илейн Конкиевич Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдары гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алды ала қорытындыларына арналған халықаралық конференцияда.

«Қазақстанда соңғы уақыттарда гендерлік теңдік үшін көптеген істер атқарылды. Дегенмен, шараларды әлі де күшейту керек. Мәселен, әйелдерді саяси лауазымдарға бекіту керек. Парламент Мәжілісінде әйелдердің үлесі 27,1%. Бұл жақсы көрсеткіш. Ал, Сенатта әйелдер аз. Міндетті түрде олардың санын арттыру керек. Сондай-ақ, министрліктер мен дипломатиялық корпустарда да әйелдер аз»,-деді И.Конкиевич.

Бірақ, экономикалық салада әйелдер үшін көп дүние жасалған, сарапшының сөзінше.

«Әйелдер санының жоғары көрсеткіші шағын және орта бизнесте. Елдің өмір сапасын жақсарту үшін әйелдерді тек денсаулық сақтау, әлеуметтік салалардан басқа да барлық салаларға араластыру керек. Ғылым, инженерлік, технологиялық салаларда да дереу әйелдердің үлесін арттыру керек. Жалпы, Қазақстан Орталық Азия елдері үшін гендерлік теңдік жөнінде үлгі бола алады. Әйелдердің бизнесте қалай жұмыс істеп жатқандарын көрсетуге болады»,-деді И.Конкиевич

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар