- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада көктемгі шақыру науқанының соңына дейін 700 жас бозбала әр түрлі әскери бөлімдерге бағытталады
Астанада көктемгі шақыру науқанының соңына дейін 700 жас бозбала әр түрлі әскери бөлімдерге бағытталады
Жаңадан шақырылғандарға өз туған жерін қорғаған аға буынның ерліктері туралы еске салды. «Ұлы мереке қарсаңында біз дәстүр бойынша мемлекет қамқорлық көрсетіп жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мадақтаймыз және сендер аға буынның даңқты дәстүрінің жалғастырушылары, ізбасарлары болып табыласыңдар. Себебі, отбасыңды, халқыңды қорғау – әрбір ер азамат үшін бастапқы міндет, абыройлы іс.
Сендерге әскери антқа адал болып, туған өлкелеріне Отан қорғаушылар ретінде оралуларыңды тілеймін», - деді Астана қаласының ҚІЖД бастығы полковник Талғат Амангелдиев. Жиын пунктінде жас бозбалаларды жеке тамақтану рационымен қамтамасыз етті және дәстүр бойынша ата-аналары, достары және туған-туысқандары жаңадан шақырылғандарды шығарып салуға келді. «Мен борышымды өткергім келеді», - деп Астанадан шақырылған Жандос Жандарбек сеніммен айтты. Армияда ең алдымен мінез-құлқын түзеледі. Мен жақсы көңіл-күймен конституциялық міндетімді атқаруға бара жатырмын. Отанымыздың су шекарасында қызмет етуге моральдық және физикалық тұрғыда дайынмын деп ойлаймын.
Бозбалалар мен олардың жақындары әскерде қызмет ету олар үшін абыройлы іс екенін атап өтті. Көбісі қуана-қуана Отанға қызмет етуге аттанғалы отыр. 2016 жылдың көктемінде Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен шақырылуға дейін Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әртүрлі әскери бөлімдеріне 700-ден аса жас бозбаланы жөнелту жоспарланып жатқанын естеріңізге сала кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет