- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте темір жол учаскелері бойынша төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы заң жобасы қаралады
Мәжілісте темір жол учаскелері бойынша төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы заң жобасы қаралады
Онда 2006 жылғы 15 тамыздағы Ресей мен Қазақстан аумағында орналасқан қос мемлекеттің темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы үкіметаралық келісімдерге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы талқыға салынбақ.
2012 жылы Павлодарда жасалған хаттама арқылы бұрынғы келісімге жүктерді тасымалдау кезінде келісілген тарифтік саясатты жүргізуге және тарифтерді есептеуді екіұдай түсінуге жол бермейтін өзгерістер енгізілмек.
Сонымен қатар жалпы отырыста Мәжіліс Сауд Арабиясы Корольдігімен табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы, сонымен қатар, Ресеймен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары жұмысқа қабылданады деп күтілуде. Бюро отырысында алтыншы сайланған Парламент Мәжілісі мен шетел парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтардың құрамы және Палата делегацияларының халықаралық парламенттік ұйымдар мен парламентаралық бірлестіктердегі құрамы мәселелері де назардан тыс қалмады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы