• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-дағы саясат пен бизнеске әйелдердің араласу көрсеткіші дамыған елдерден жоғары – БҰҰ

ҚР-дағы саясат пен бизнеске әйелдердің араласу көрсеткіші дамыған елдерден жоғары – БҰҰ

22 Сәуір, 2016 12:54
Қазақстандағы саясат пен бизнеске әйелдердің араласу көрсеткіші дамыған елдерден жоғары, деді «2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясының жүзеге асырылуының қорытындылары» атты Халықаралық конференциясында Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі/БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Наримаса Шимомуро.

«Бүгін бізде өте маңызды конференция өтуде, шара барысында біз жетістіктерді қорытындылап, гендерлік теңгерім стратегиясының 10 жылы ішінде жасаған жұмыстарды қорытындылаймыз. Осы салада жетістіктер өте көп болды. Адамдар сараптама жасаған кезде индикаторларға немесе статистикалық мәліметтерге сүйенеді. Қазақстанда әйелдердің шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікке араласуы 41 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш ең дамыған елдердің көрсеткішінен жоғары тұр», - деді Н.Шимомуро.

Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі атап өткендей, әлемдік деңгейде гендерлік теңгерім саласында скандинавиялық елдер көш бастап отыр.

«Оларда әйелдер қауымы саясатқа кеңінен араласады, ең жоғары көрсеткішке ие. Қзақстандағы соңғы сайлау 27 пайыз әйелдің қатысуын көрсеті. Орташа есеп 22 пайыз. Бұл орта есептен жоғары. Қазақстанда жұмыс кезек кезеңмен жүзеге асырылуда», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Сурет: Бауыржан Жуасбаев

 

 

Барлық жаңалықтар