• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ДСӘДМ: Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша жаңа тәсілдерді енгізу жалғасуда

ҚР ДСӘДМ: Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша жаңа тәсілдерді енгізу жалғасуда

22 Сәуір, 2016 12:43
Қазіргі таңда аз қамтылған отбасыларға атаулы мемлекеттік қолдау көрсетуде жаңа тәсілдерді енгізу жалғасуда. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алдын ала қорытындыларына арналған халықаралық конференцияда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Қазіргі таңда аз қамтылған отбасыларға атаулы мемлекеттік қолдау көрсетуде жаңа тәсілдерді енгізу жалғасуда. Бұл аз қамтылған отбасыларды жаңа әлеуметтік көмек алуда ынталандыруға көмек көрсетеді»,-деді Т.Дүйсенова.

Министрдің айтып өткеніндей, кешендік қабылданған шаралар еліміздің демографиялық жағдайына әсерін берді.

«2006 жылы 300 мыңнан астам сәби дүниеге келді, 2016 жылдың 1 қаңтар жағдайында олардың саны 399 мың. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында, зейнетақыны барабар деңгейге жету үшін 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді.  2015 жылы 100 мыңнан астам әйелдердің жеке зейнетақы есепшоттарына шамамен 4 млрд теңге түсті»,-деді ол.

Сонымен қатар, Т.Дүйсенованың айтуы бойынша, әйелдер мен еркектердің денсаулығын сақтау мақсатындағы шараларды іске асыру әлі де жалғасын табуда. Денсаулық сақтау саласының көрсеткіші жыл сайын жасқсаруда: аналардың өлімі 3,7 есеге қысқарды, балалардың өлімі 1,5 есеге. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлықты алдын алу күшейуде. Қолданылған шара қорытындысы бойынша, азаматтардың өмір сүруі 66,15-ден 71,62 жылға ұзарды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар