- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы: Қазақстанда гендерлік саясат бойынша жаңа бағдарламалық құжат әзірлеу қажет
Мемлекеттік хатшы: Қазақстанда гендерлік саясат бойынша жаңа бағдарламалық құжат әзірлеу қажет
«Бізге гендерлік саясат бойынша жаңа бағдарламалық құжат әзірлеу қажет. Бұл құжат мақсат, міндет пен шараларды айқын бағыттап, гендерлік, отбасылық-дефографиялық саясаттың алдын ала нәтижелерін байатуы керек. Айта кетерлігі, онда отбасылық-демографиялық саясатқа арналған жеке бөлім болуы керек. Бүгінде Қазақстан дамудың толыққанды бағытына түсті. Біз Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» тәжірибелі іске асуына кірістік. Сондықтан да жаңа құжатта қазір республикада болып жатқан оқиғалармен сабақтасуы керек», - деді Г.Әбдіқалықова.
Айта кетерлігі, Парламент Мәжілісіндегі әйелдер үлесі 27,1 пайызға жетіп отыр. Ал бұл көрсеткіш 2006 жылы 10,4 пайыз болған еді. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттарда әйелдер өкілдігінің деңгейі 2006 жылғы 16,7 пайыздан бүгінде 22,2 пайызға жетті. Бірқатар өңірде, нақтырақ айтқанда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында және Алматыда жергілікті өкілетті органдарда әйелдер өкілдігі 30 пайызға жетіп қалды. Бұл жағынан ең жоғарғы көрсеткіш Қостанай облысында 31,6 пайыз. Ел экономикасының дамуына әйелдердің қатысу үлесі де артып келеді. Мәселен, 2006 жылдан бастап бизнестегі әйелдер үлесі 38-ден 50 пайызға артқан. жыл сайын денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер де жақсарып келеді. Ана өлімі 3,7 есеге, бала шетінеуі 1,5 есеге азайды
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет