- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДӘДМ: Соңғы 4 жылда Қазақстан бойынша 220-дан астам әйел жұмысқа орналастырылды
ҚР ДӘДМ: Соңғы 4 жылда Қазақстан бойынша 220-дан астам әйел жұмысқа орналастырылды
«Республикада әйелдердің еңбек ету құқығы бойынша міндетті құқықтық жағдайлар жасалған. Әйелдер еңбек ету тұрғысында ер азаматтармен тең құқықта барлық экономикалық қызмет салада жұмыс істей алады. Еңбек ақылары да тең дәрежеде сақталады. 5 институционалдық реформа аясында былтыр ҚР Еңбек кодексі қабылданды. Жаңа кодексте еңбек саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін кешенді құқықтық нормалар қарастырылған. Заңнамада жүкті әйелдер мен балалы әйелдердің ерекшелігіне қарай әйелдердің еңбегі реттелетіні де бекітілген. Айтлық, әйелдерді ауыр жұмысқа салмау жөнінде, 1,5 жастағы баласы бар аналар үшін жымыс уақытының режимінде ерекшеліктер болады. Сонымен қатар, жүктілігіне байланысты және бала тууына қатысты демалыстары да заңдық негізде қарастырылған»,-деді Т.Дүйсенова.
Сонымен қатар ол, әйелдердің еңбек нарығына араласуын кепілдік беретін шаралар да жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
«Мысал үшін «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы халық кірісін арттыруға және жемісті еңбек етулеріне бағытталған. Соңғы төрт жылдағы жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, Жол картасы шараларына 600 мың адам қатысқан. Оның 49 %-ы әйелдер. Бұл әйелдердің жартысы ауыл тұрғындары. Осы кезеңдерде 220 мың әйел жұмыспен қамтамасыз етілген. Жұмысқа орналастыру кәсіби оқыту арқылы жүзеге асады. Яғни, мамандық иесі атануға мүмкіндіктері бар»,-деді Т.Дүйсенова.
Ботагоз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді