Парламент Мәжілісіндегі әйелдер үлесі 2006 жылғы 10,4 %-дан 2016 жылы 27,1%-ға өсті

22 Сәуір, 2016 10:56
Парламент Мәжілісіндегі әйелдер үлесі 2006 жылғы 10,4 %-дан 2016 жылы 27,1%-ға өсті, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясының жүзеге асырылуының қорытындылары» атты Халықаралық конференцияда.

«Бүгін Парламент Мәжілісінде әйелдердің үлесі 27,1 пайызды құрап отыр, яғни 2006 жылмен салыстырғанда 10 пайызға көтеріліп отыр. Барлық деңгейлі мәслихатта әйелдер үлесі 22,1 пайызға жетті. 2006 жылы бұл көрсеткіш 16,7 пайызға тең болған.  Павлодар, СҚО, БҚО, Ақтөбе, Атырау облысы мен Алматыда  әйелдер үлесі 30 пайыз болса, Қостанай облысы көшбасшылық танытып 31,6 пайызды құрады. Әйелдерді саяси ілгерілету бойынша өз кезінде сәйкес шаралар қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2016 жылға шаралар қабылданды. Бүгінде қоғамдық-саяси өмірде үкіметтік емес ұйымдар үлкен рөл атқарады», - деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанда 300 ҮЕҰ әйелдердің құқығын арттырумен айналысатынын айтты. Әйел көшбасшылығы бойынша республикалық мектептер жүйесі жұмыс істейді. Оған 70ҮЕҰ енді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар