• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ҮЕҰ 13 әлеуметтік жобасын жүзеге асыру жоспарлануда

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ҮЕҰ 13 әлеуметтік жобасын жүзеге асыру жоспарлануда

22 Сәуір, 2016 12:24
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында үкіметтік емес ұйымдардың 13 әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов хабарлады.

«Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізудің Тұжырымдамасы қабылданды. Өңірде мерекені өткізу жөніндегі облыстық жұмысшы топтың және ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралардың жоспары әзірленді. Жалпы облыстық деңгейде 380 іс-шара жоспарланды. Тұжырымдамаға сәйкес әр айдың өз ерекшілігі бар. Мысалы, қаңтар айындағы іс-шараларға «Кәсіби және тиімді мемлекет» тақырыбына басымдылықтар берілген, ал ақпан айы - «Салауатты Ұлт. Спорттық Қазақстан», наурыз айы - «Болашағы біртұтас Ел. Ұлы даланың дәстүрлері», сәуір айы - «Зияткерлік ұлт. Нұрлы болашақ» сияқты т.б. тақырыптар бар»,- деді Ерқанат Нұрбапаұлы.

Сонымен қатар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, «дөңгелек үстел» отырсытары, зиялы қауым өкілдерінің жастармен кездесулері, жастар акциялары, қайырымдылық акциялары және т.б. іс-шаралар арқылы еліміздің қол жеткізген жетістіктері паш еткізілуде.

«Мерекелеудің шарықтау шегі 21 қараша бастап - 15 желтоқсан аралығында ұйымдастырылатын болады.Еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктері  25 жұлдызды күн аясында халыққа кеңінен жеткізілетін болады. Мәселен, 22 қараша мемлекеттік рәміздерге, 26 қараша азаматтық қоғамға  арналатын болса, 28 қараша күні ұлттық валютаға, 2 желтоқсан отбасылық құндылықтарға, 4 желтоқсан спорттық жетістіктерге бағытталатын болады. Жыл басынан бері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған облыс әкімдігі басқарма басшыларының жастармен кездесулері барлығы 96 іс-шара (облыстық деңгейде) ұйымдастырылып, 14 мыңнан астам адам қамтылды. Сонымен қатар, облыста мемлекеттік әлеуметтік шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша үкіметтік емес ұйымдардың 13 әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда”,- деп қорытындылады облыс әкімінің орынбасары.

 

Барлық жаңалықтар