Алматыда әскери техника тренажерлар өндірісі іске қосылды

22 Сәуір, 2016 15:21
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алматыэнергосервис» ЖШС-тің жаңа өндіріс желісінің іске қосылу шарасына қатысты. Кәсіпкерлікті қолдау Картасына енуінің арқасында кәсіпорын пилоттарды, танк экипаждарының механиктерін, жүк машиналары жүргізушілерін оқыту үшін кешенді тренажерлар шығаруды жүзеге асырады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алғаш рет Қазақстан аумағында әскери саланың мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жоғары технологиялы орталығы құрылды. Тренажерлардың барлық бөлшектерін европалық технологияны және 3D форматын моделдендіру арқылы жергілікті мамандар құрастырды.

Жобаның іске қосылуы барысында бұрыннан бар 300 орынның жанынан тағы да 25 жаңа жұмыс орны ашылды. Тіпті, бұл іске заманауи қондырғымен жұмыс істеп, өндірістік практикадан өткен 60-тан астам алматылық студентте қатысты.

Атап өтерлік жайт, алматылық тренажерлар халықаралық аренада сұранысқа ие. Қазірдің өзінде өнім Вьетнамға жіберілді, Солтүстік Африка, Монғолия, Бангладеш, Пәкістан елдерімен келісім жүріп жатыр.

Дәл осы күні Б.Байбек Медеу ауданындағы «Colibri» СО-да болды. Оның жалпы алаңы 12 мың шаршы метрден астам, мұнда бутиктер, тұрмыс техникасы, 3 мейрамхана және 100 көліктік тұрақ бар. Жаңа нысанның ашылуы арқасында 180 жаңа жұмыс орны ашылды.

СО-ның концепциясы өте құнды. Мұнда ет және нан өнімдерін шығарып, сататын гастромаркет, шырындар да сатылады. Аталған сауда орнында Алматы мен Алматы облысының азық- түлік өнімдері де сатылымға қойылады. «Colibri» СО –да әлемдік деңгейдегі интерьердің бұйымдары да бар.

Жергілікті биліктің ықпалы арқасында мегаполисте бизнесті дамыту жолында жаңа брендер пайда бола бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар «Алматы-2020» даму Бағдарламасы негізінде жүруде.

 

Барлық жаңалықтар