- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде Венгрияның консулдығы ашылды
Ақтөбеде Венгрияның консулдығы ашылды
Жүздесу барысында тараптар екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.
«Әзірге біздің сауда-экономикалық байланыстарымыз төмен деңгейде. Ақтөбе облысы мен Венгрия елінің арасындағы тауар айналымы небәрі 10 миллион долларға жуық. Алайда, біздің алдағы уақытқа көздеп отырған жоспарларымыз жүзеге асар болса, бұл көрсеткіштер еселеп артпақ. Оған Ақтөбеде ашылған Венгрияның консулдығының ықпалы зор болады деген ойдамын»,-деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ облыс басшысы қазақтар мен мадиярлардың арасында тарихи және мәдени байланыстардың ежелден бар екендігін атап өтті. «Екі халық та кең далада тіршілік еткен. Соның әсерінен болар венгр тілінде түркі сөздері өте көп кездеседі. Осының өзі біздің халықтардың ежелден тату қарым-қатынаста болғандығын көрсетсе керек».
Облыс әкімінің пікірінше, венгриялық делегация өкілдерінің келуі мен Шығыс Еуропадағы мемлекеттің Ақтөбеден консулдығын ашуы бір кездердегі жақсы-қарым қатынастарды одан әрі жандандыра түсері сөзсіз. Бұл бағытта жергілікті биліктің алдында тұрған басты міндеттердің бірі шетелдік инвестицияны тарту болмақ.
Кездесу барысында жылыжай құрылысы, жеміс-жидек өнімдерін қалбырлау, ауыз суды тазарту, сүт өнімдерін және бидайды қайта өңдеуде ынтымақтастықты жолға қою жайы айтылды.
Венгрия елшісі Андраш Барани өз елінің Ақтөбе облысына деген үлкен қызығушылығын атап өтті. Оның айтуынша, алғашқы қадамдардың бірі Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына тікелей инвестиция тартумен шұғылданатын бірлескен қор құру болмақ. Қорға 20 млн. долларды «ҚазАгро» ұлттық компаниясы құйды және тап осындай қаржыны Венгрияның «Эксимбанкі» салды.
Венгрия - Ақтөбе облысында консулдығын ашқан екінші еуропалық ел. Ағымдағы жылы қаңтарда аймаққа осындай миссиямен чехтар келген болатын. Сондай-ақ Ақтөбеде Оңтүстік Корея және Түркия өз өкілдіктерін ашуды жоспарлап отыр.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды -
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды