- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазҰАУ ғалымдары Арал аймағындағы өңірлердің ауылшаруашылық жерлерін құнарландыруды қолға алады
ҚазҰАУ ғалымдары Арал аймағындағы өңірлердің ауылшаруашылық жерлерін құнарландыруды қолға алады
Осы келісім негізінде аталмыш оқу орнының ғалымдары облысымыздың барлық аудандарындағы ауылшаруашылық жерлерінің мүмкіндігін зерделеп, өнім өндіру көлемін арттыруды қолға алмақ.
Өңір басшысы Қырымбек Көшербаев бүгінгі дағдарыс уақытында өнеркәсіпті әртараптандыру қажеттігін, оның ішінде ауылшаруашылық саласын қарқынды дамытуды қолға алу қажеттігін айтып өтті. Осы мақсат аясында аймақтың ауылшаруашылық саласын жаңаша жандандыру үшін Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті дем бермек. Облыстағы шаруалардың біліктілігін арттырып, өнім өндіру көлемін өсіруге енді осы оқу орнының ғалымдары күш салатын болады.
“Біз егін шаруашылығын әртараптындыруды қолға алып отырмыз. Ол бүгінгі күннің талабы. Осы ойымызды жүзеге асыру үшін бізге ғалымдардың көмегі қажет. Екіжақты меморандум аясында жүзеге асырылатын жұмыстар жемісін береді деп сенеміз. Айта кету керек, ауылшаруашылығын дамытып, өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін мықты мамандар қажет. Осы орайда еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алу үшін облыс әкімінің грантын тағайындап келеміз. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде білім алып жатқан 238 сырбойылық студенттің 60-сы облыс әкімінің білім гранттары негізінде оқып жатыр”, - дейді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Меморандум негізінде Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінен келген ғалымдар жоғары сапалы және жоғарғы сортты ауыл шаруашылығы дақылдарын ендіру, ауылшаруашылығы малдарын жедел өсіретін биотехнологиялық әдістерді дамытатын болады. Оған қоса мемлекеттік-жеке әріптестік аясында агроөнеркәсіп субьектілеріне білім беру жүйесін дамыту, кадрлар қорының әлеуетін көтеру бүгінгі келісім аясында жүзеге асады.
“Мемлекет басшысының отандық ауыл шаруашылығы саласының алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін ғылым, білім және өндіріс тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауы қажет. Бүгінгі біздің іс-сапарымыздың негізі мақсаты– Қазақстанның аграрлық саласындағы ғылым, білім ұжымдарында қызмет атқарып жүрген ғалымдар мен облыстың ауылшаруашылық құрылымдарында қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлер арасында тығыз байланыс орнату. Осы салада шешімін таппаған мәселелерді жан-жақты зерттеп және оны дамытудың негізгі бағыттары бойынша ғылыми тәжірибелік көмек көрсету”, - дейді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов.
Университет ғалымдары өңірлердегі ауылшаруашылық жерлерін құнарландыруды да қолға алмақшы. Ғалымдардан оқып үйренгендерін шаруалар мен ауылшаруашылығының мамандары өз мақсаттарына қолданып, өз жерлерін күтіп-баптаудың қыр-сырына да қанығады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі