• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс ауыр еңбек жағдайындағы жұмыскерлерге міндетті зейнетақы төлемі бойынша түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс ауыр еңбек жағдайындағы жұмыскерлерге міндетті зейнетақы төлемі бойынша түзетулерді мақұлдады

20 Қараша, 2013 17:05
Бүгін, 20 қарашада ҚР Парламентінің Мәжілісі «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Заң жобасын жаңалығы 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті кәсіби зейнетақы төлеміне өту болып табылады», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстанда өз қалтасынан 5 пайыз көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы төлемін төлейтін салымшылардың жұмысы, кәсібі мен өндірісінің тізімін дайындау жұмыстары аяқталған болатын. 

Сонымен қатар, заң жобасында жұмыс берушілердің еңбек жағдайын жақсартуға талпындыру үшін өндірістік нысандарды аттестациялау нәтижесі бойынша зиынды (өте зиынды) еңбек жағдайы болмаса оларды міндетті кәсіби зейнетақы төлемінен босату қарастырылған.

Барлық жаңалықтар