• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық қоғам елдің ұлттық имиджін көтеруде мықты компонентке айналды

Қазақстандық қоғам елдің ұлттық имиджін көтеруде мықты компонентке айналды

21 Сәуір, 2016 19:21
Қазақстандық қоғам елдің ұлттық имиджін көтеруде мықты компонентке айналды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Астанадағы ХІІІ-ші Еуразиялық медиа форумда айтты.

«Ұлттық брендинг бойынша үш мықты аргументтің күші және фундаментальді факторлар іске асырылған. Бірінші – бұл елдің бай-қуатты болуына құқы бар әлеуметтк-саяси дамуының шынайы фундаментальді негізі. Екінші – Қазақстан халқының мықтылығы мен еліне берілгендігі. Бұл өз кезегінде елдің имиджін оң қалыптастыруда өз ықпалын жасайтыны анық. Кейінгі жылдары халықтың бұл тұрғыда белсенділігі артып, басқалардың жағдайына алаңдайтын болып келеді. Қазір Қазақстандағы азаматтар осындай деңгейге жетіп отыр. Менің ойымша бұл жақсы жаққа өзгеруде үлкен күш»,-деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, Астанада XIII Еуразия медиа форумы өтіп жатыр. Форумға әлемге танымал экономистер, саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері әлемдік экономиканың келешегі, араб дүниесіндегі геосаяси салдары, Еуропалық одақтың болашағы, ХХI ғасырдағы ақпараттық соғыс, мұнай өндіруші елдердің имимджі және теле-кино индустриясының қоғамға ықпалын талқылауға жиналды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар