• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жекешелендіру аясында коммуналдық меншіктен 122 нысан сатылды

Қазақстанда жекешелендіру аясында коммуналдық меншіктен 122 нысан сатылды

22 Сәуір, 2016 08:57
2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 933 объекті жоспарланған, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 451 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 18 сәуірдегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 429 объекті шығарылды, оның ішінде  253  объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 17, коммуналдық меншік бойынша - 122, ӘКК - 64, холдингтер бойынша - 50.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 774 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 048  млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 262 млн. теңге, ӘКК  2 959 млн. теңге.

«Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 24 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 18 сәуірдегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 24 объекті шығарылды, оның ішінде 17 объекті сатылды», - делінген хабарламада.

Коммуналдық меншік бойынша  барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 484 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 209 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 18 сәуірдегі жағдайы бойынша 206  объекті шығарылды, соның ішінде 122 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 165 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 90 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 88 объекті сатуға қойылды, 64 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 - 2020 жж. арналған сату Кестесі бойынша 219 объекті жекешелендіруге жатады, 18 сәуірдегі жағдайы бойынша жоспарланған 128 объектінің 111 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

Барлық жаңалықтар