• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Василенко: «Әлем. XXI ғасыр» манифесі – бұл Қазақстанның әлемге қосқан үлес

Р.Василенко: «Әлем. XXI ғасыр» манифесі – бұл Қазақстанның әлемге қосқан үлес

21 Сәуір, 2016 17:56
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі - Қазақстан тарапынан әлемге үлес, ол жерде Президент ядролық қаруға байланысы жоқ, қауіпсіз әлемді құрастыру үшін барлығын нақты қадамға шақырды. Ол туралы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Астанада өткен XIII Еуразия медиа форумында мәлім етті.

«Мен әрине, Президенттің нақты не ойлайтынын айта алмаймын, алайда, елдің ішінде және халықаралық деңгейде жасалып жатқан саясатты айтуға болады. Президент әр күні өзіне екі сұрақ қояды: өз азаматтарымынң өмірін жақсарту үшін мен не істей аламын? Әлемнің одан әрі жақсара түсуі үшін не істеуім керек? Вашингтонда өткен саммитте таныстырылған  Манифестке қараңыздар. Ол жерде Президент яролық қарусыз, қауіпсіз әлемді құру үшін барлығын нақты қадамға шақырды. Ол қадамдарды сипаттады»,-деді ол.

Р.Василенконың айтуынша, Президент бұл компанияны ондаған жылдар бойы жүргізуде және оны жалғастырады. «Қазақстан тарапынан бейбітшілікке үлес қосуы өзгеше. Біз имиджді имидж үшін айтпаймыз. Қазақстан жаһандық жауапты азамат болғысы келеді. Бұл жалпы ой»,-деді Р. Василенко.

Өз кезегінде саяси сұрақтар бойынша кеңесші, экономист (Ұлыбритания) Саймон Анхольт үкіметтің өз халқына ең керемет сыйлығы – ол өз халқын жомарт және халықаралық қоғамдастықтың негізгі ойыншысы қылдыру деп атап өтті.

«Кейде,  өз елінің қызығушылығын жылжыту, өз елі туралы білімді үлкейту, тарихы, мәдениеті туралы талқылаулар ескірген және өзімшіл болып көрінеді»,-деді сарапшы.

С.Анхольтаның айтуы бойынша, біздің халық үшін тиімді болатын барлық әлем үшін не істей алатынымызды ойлауымыз керек. «Өз қамын ғана ойлаған жақ, соңында қуғынға ұшырайды. Көптеген елдер әлемнің өзара іс-қимылына қатысса, имидж жақсарып, сауда жақсы жүретін болады. Ол елге ұнайтын болады, содан кейін олармен бизнес жүргізгілері келеді»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Астанада XIII Еуразия медиа форумы өтуде. Форумға әлемге танымал экономистер, саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері әлемдік экономиканың келешегі, араб дүниесіндегі геосаяси салдары, Еуропалық одақтың болашағы, ХХI ғасырдағы ақпараттық соғыс, мұнай өндіруші елдердің имимджі және теле-кино индустриясының қоғамға ықпалын талқылауға жиналды.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар