- Басты
- Жаңалықтар
- А. Шаққалиев ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды
А. Шаққалиев ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды
Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін (стандарттау, сертификаттау және метрология), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетін (юрист), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (экономист) бітірді, сапа менджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор. Халықаралық инженерлік академияның корреспендент мүшесі болып сайланды.
Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директорының лауазымында 2008 жылдан бастап қызмет атқарды.
Техникалық реттеу жүйесіндегі еңбек жолын «Қазақстан метрология институты консалтинг» ЕМК директоры болып 2004 жылы бастады.
Интеграциялық бірлестікті құру шеңберінде 2010 жылдан бастап еңбек еткен жылдары ішінде Арман Абайұлы Шаққалиев Кеден одағының нормативтік құқықтық қорын қалыптастыруға (Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында техникалық реттеудің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы; кеден одағының кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімдердің айналымы туралы келісімдерді, Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу бойынша ережелер мен қағидаларды әзірлеуге және оларға берілетін стандарттар тізбесін қалыптастыруға, КО ТР әзірлеу жөннідегі жоспарды қалыптастыруға және т.б.) белсенді қатысты.
Сондай-ақ қазақстан делегациясы атынан тұрақты түрде Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитеттің, стандарттау жөніндегі ішкі комитеттің жұмыс топтары мен отырыстарына және басқа мәжілістерге қатысты.
Бұдан басқа Еуразиялық экономикалық одақтың дамуының жаңа кезеңін құру кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық базасын жасауға және құруға, сондай-ақ қазіргі уақытта халықаралық өңірлік экономикалық ықпалдастыру ұйымының негізгі құжаты болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты әзірлеуге өз үлесін қосты.
Белсенді партиялық қызметі үшін 2011 жылы «НҰР ОТАН» ХДП Алғашқы Партиялық Ұйымы басшысының орынбасары болып сайланды, ол «Жыл патриоты» марапатының, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалінің, Мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау кеңесінің (МГС) «Еңбегі үшін» құрмет белгісінің иегері.
ЕЭК Техникалық реттеу және метрология департаменті сонымен қатар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалпы нарығын құруға жауапты екенін еске саламыз.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады