- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілетті үйлестіруші орган мен БҒМ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілетті үйлестіруші орган мен БҒМ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)
Еліміздің Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы-жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында: «Балалар қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Мемлекет оларға қамқор болуға тиіс.» -екенін атап өтті.
Республикада орталық және өңірлік деңгейде балалардың құқықтарын қорғау жүйесі қалыптасты.
Зағипа Балиева айтып өткендей, еліміздегі балалар құқығына қатысты мәселелерді шешу, олардың жағдайына құлақ асу және барынша көмектесу өте маңызды.
2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс жасайды. Облыстардың Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының жанында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы бөлімдер жұмыс жасайды.
2007 жылдан бастап Үкіметтің жанында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылды, олардың құрамына он бейінді министрліктің, үкіметтік емес және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Кәмелетке толмағандардың істері және оларддың құқықтарын қорғау жөніндегі 213 өңірлік комиссия жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасында бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты құрылды. Елбасының өкімімен Қазақстан Республикасында қоғамдық бастамада Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл болып Парламент Мәжілісінің депутаты Балиева Зағипа сайланды.
Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті үйлестіруші орган болып табылатын Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен тиімді ынтымақтастықтың кепілі болады
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды