ҚР-да Ішкі әскер басқармасының жүйесі оңтайландырылды- М. Демеуов

20 Қараша, 2013 16:58
Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов Ішкі әскер басқармасының жүйесі оңтайланғанын айтты.

«Елімізде қақтығыстар орын алған жағдайда жедел әрекет ететін біздің негізгі пәрменді күштеріміз - Ішкі әскер басқармасының құрылымы мен жүйесі оңтайландырылды. Ішкі әскер басқармасының жүйесі – бригадалық құрылымнан өңірлік қолбасшылық жүйесіне дейін Әскери доктринаға сәйкестендірілді», - деп атап көрсетті өз сөзінде М.Демеуов.

Сондай –ақ ол жаңа басқару жүйесі әскерлердің мобильділігін, олардың ішкі істердің аумақтық органдарымен және Қарулы күштердің бөлімшелерімен арадағы бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

«Әсіресе елдің ішкі қауіпсіздігіне қауіп төнген кез-келген өңірдегі іс-қимылдарға қысқа мерзімде атсалысуға қабілетті Ішкі әскердің жедел мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлік дайындықтарын арттыруға ерекше назар аударылуда»,- деді вице-министр өз сөзінде.

Барлық жаңалықтар