• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Анхольт:Қазақстан ЭКСПО әлеуетін толығымен ашатын алғашқы ел бола алады

С.Анхольт:Қазақстан ЭКСПО әлеуетін толығымен ашатын алғашқы ел бола алады

21 Сәуір, 2016 16:32
Қазақстан ЭКСПО әлеуетін толығымен ашатын алғашқы ел бола алады, деді Астанадағы XIII Еуразиялық форум аясында саяси мәселе жөніндегі консультант, экономист Саймон Анхольт.

«ЭКСПО жаһандық пікірталас көзқарасынан өте жоғары әлеуетке ие. Қазіргі таңда жаһандық оқиға – спорттық шаралар: әлем чемпионаты, Олимпиадалық ойындар. Әлемде өзге формат жоқ, барлығы спортқа қатысты емес мәселені жиналып талқылай алмайды. Меніңше, ЭКСПО ол дәрежеге әлі жете қоймады. Қазақстан бұл істі жүзеге асыратын ел бола алады», - деді С.Анхольт.

Сондай-ақ, экономист Қазақстан мақсатты болып, «ЭКСПО-ны имидж қалыптастыру мақсатында ғана қарастырмауға кеңес берді».

«Қазақстан әлемнің барлық елдерін қызықтырып отырған мәселені көтеріп, өзі жүргізуші атануы керек. Қазақстанның стратегиясы әлемге тұрақты энергетика саласында көмектесуге бағытталса, бұл фантастыикалық ұтымды стратегия. Ол сәтті болуы үшін ЭКСПО аясында мәселе көтеру қажет. Жаһандық тараптан ойлану керек», - деді ол.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасының орынбасары Ербол Шорманов Атсана көрмеге белсенді дайындалып жатқанын айтты.

«Бүгінде 81 ел мен 14 халықаралық ұйым көрмеге қатысуын ресми түрде растады. Аталмыш көрмені өткізуде біз ешбір уайымға беріліп отырған жоқпыз. Оны жоғары дәрежеде өткізетінімізге сенімдіміз», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар