• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Гусман: Еуразия медиа форумында қазіргі заман шақыртуларына жауап іздеуде

М.Гусман: Еуразия медиа форумында қазіргі заман шақыртуларына жауап іздеуде

21 Сәуір, 2016 15:59
Еуразия медиа форумында қазіргі заман шақыртуларына жауап ізделуде, яғни ол өз өткірлігін жоғалпаған, тек өзгерген сұрақтар, деп ТАСС Бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман есептейді.

«Бұл жерге түрлі пікірлермен, әр түрлі саяси қөзқарастармен әр түрлі адамдар келеді. Алайда, Еуразия медиа форумы ашықтықтың, мейірімділіктің, құрметтің визит картасына айналды. Менің ойымша, бұл өте маңызды компонент. Бұл жерде түрлі пікірлерді естуге болады. Сондай-ақ, бұл жерде қазіргі заманғы әлемнің маңызды шақыртуларына жауап іздейді, яғни ол өз өткірлігін жоғалпаған, тек өзгерген сұрақтар. Мен осындай жақсы идея үшін Дариға Нұрсұлтанқызына алғысымды айтқым келеді»,-деді М.Гусман.

Сонымен бірге, сарапшы Мемлекет басшысының және «Әлем. XXI ғасыр» Манифестінің рөлін атап өтті.

«Мен білемін, форумға, оның жұмысына үлкен қызығушылықты Қазақстан Президенті Н.Назарбаев та білдіреді. Ол өз жұмыс жолында Қазақстанның нығаюына үлкен жұмыстар жасады және ол орындалды. Барлық әлем «Әлем. XXI ғасыр» Манифестіне назар аударды. Бұл өте маңызды құжат, менің ойымша, Манифестте айтылған барлық үндеулер алдағы уақытта тек өседі деп сенемін»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар