- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қолдану 2016 жылғы мамыр айынан басталады- ДСӘДМ
Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қолдану 2016 жылғы мамыр айынан басталады- ДСӘДМ
«Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсарту және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне дәрілік заттар туралы өзекті, толыққанды, шынайы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап ҚҰФ барлық азаматтар үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде www.knf.kz сілтемесі арқылы жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады ол.
Сонымен бірге, Алексей Цой қазіргі таңда ҚҰФ құрамына 644 халықаралық патенттелмеген дәрілік заттардың атауы мен клиникалық тиімділігі дәлелденген 2 мыңға жуық сауда атаулары кіреді. Оны жасау барысында ең үздік халықаралық тәжірибе, фармакотерапияны жүргізудің дәлелді негізделген тәсілдері, клиникалық және экономикалық тиімді, қауіпсіз дәрілік заттарды тұтыну дәрежесін зерттеу мәліметтері, әрбір ауруды емдеу курсының бағасы туралы ақпарат қолданылды.
«ҚҰФ құрамына енген дәрілік заттардың тізімі тұрақты түрде жаңартылып отыратын болады. Бұл дәрілік заттарды тағайындайтын дәрігерлерге жаңа тіркелген медициналық препараттар туралы, олардың кері әсері жайында ақпаратты уақытылы алуға, дәрілердің мөлшерлемесін белгілеу бойынша шешімдерін растауға, тиімді емдеу курсын тағайындауға көмектеседі», - деп айтты ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының м.а. Лариса Пак.
ҚҰФ-ты әзірлеуге Дүниежүзілік Банк сарапшылары, Еуропа мен Жаңа Зеландиядан келген халықаралық кеңесшілер, сонымен қатар, әлемде үздік болып саналатын Британдық ұлттық дәрілік формулярды жасаған Дункан Энрайт қатысты. Оның пікірінше, ҚҰФ – азаматтарды емдеу нәтижелерін жақсартумен қатар, дәрілік заттарды барынша тиімді сатып алу арқылы бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей жоба.
«Біздің халықаралық сарапшылар командасы өзге де жобаларды әзірлеуге қатысты, оның ішінде осы тәріздес алғашқы ресурс – Британдық дәрілік формуляр да бар. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – тек білімнің жаңа көзі ғана емес, сонымен қатар, барлық формулярлық жүйені күшейту, медициналық дәлелдемелерді қолдануға ықпалдасу сынды мақсаттарға жетуді көздейтін бірінші жаңа формуляр болып табылады. Бүгінгі таңда ол Орталық Азиядағы, тіпті, мүмкін бүкіл әлемдегі алдыңғы қатарлы дәлелдемелік ақпарат көзі болып отыр деуге толық негіз бар», - деп пікір білдірді Дункан Энрайт.
Өз кезегінде Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр орталығының жетекшісі Талғат Нұрғожин ҚҰФ бәсекелестік ортаны кеңейтуге, дәрілік заттарды сатып алудағы қаржылық адалдықты, сонымен қатар, дәрілік қамтамасыз етудің пациентке бағдарланған моделі негізінде препараттарды таңдау мүмкіндігін беретініне сенімді.
«ҚҰФ тек дәрігерлер үшін ғана емес, еліміздің барлық азаматтары үшін ауқымды анықтамалық болмақ. Сондай-ақ, ол әрбір медициналық ұйымға өзінің дәрілік формулярын құруға, дәрілердің бағасы мен бағдарына қарай бюджетті дұрыс жоспарлауға жәрдемдеседі», - деді ол.
Дәрілік заттардың шектік бағасын анықтау мен оны әрі қарай ҚҰФ-қа енгізу мақсатында баға белгілеу қағидаларының жаңа үлгісі енгізілді. Ол референтті баға белгілеу қағидаларына (ішкі және сыртқы), фармөндірушілер және олардың ресми өкілдерімен тікелей келіссөздер жүргізу және бағаларды тіркеу процестеріне негізделген.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді