- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 61,3 мың га ауыл шаруашылығы жері аукционға шығарылуға әзірленді
ОҚО-да 61,3 мың га ауыл шаруашылығы жері аукционға шығарылуға әзірленді
Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы С.Әбдіқұлов, облыстық жер инспекциясы басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, жер кадастры ОҚО филиалының өкілдері Шардара мен Мақтарал аудандарында болып, жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру аясында семинар-кеңес өткізді.
«Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберіндегі Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді аудан көлеміндегі агроқұрылым өкілдеріне түсіндіруді мақсат еткен жиында осы жылдың 1 шілдесінен бастап жерді аукцион арқылы сатып беру мәселесі, ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңы және басқа да нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер жайы талқыланды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, семинарда облыс бойынша бүгінгі күнге 61,3 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін сатып алуға ниет білдірген агроқұрылымдар туралы, жерлерді сатып алу ерекшеліктері мен саладағы жұмыстар бойынша алға қойылған мақсаттар кеңінен баяндалды. Жиын соңында аудандардың жерге жауапты мамандары мен агроқұрылым өкілдері көкейде жүрген сұрақтарына толық жауап алды.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді