- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның батысында ауқымды «Қаратау-2016» оқу-жаттығуы өтуде (ФОТО)
Қазақстанның батысында ауқымды «Қаратау-2016» оқу-жаттығуы өтуде (ФОТО)
Әскери жаттығу Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында өтіп жатыр. Бүгін қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, 25744, 86717, 30238, 75488 әскери бөлімдерінің, сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық гвардия әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатқан «Қаратау-2016» оқу-жаттығуының барысын бақылады.
«Қаратау-2016» оқу-жаттығуы жоспар бойынша әскери бөлімдер мен басқару органдарын жауынгерлік даярлықтың жоғары дәрежесіне келтіру және ауқымды әскери операциялар өткізуге жағдай жасаудан басталды. Екінші және үшінші кезеңде әскери бөлімдер мен құрылымдар бірлескен оқу-тактикалық шараларды дайындап, өткізуге атсалысады. Аталған жаттығулар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімдері мен құрылымдарының, басқару органдарының ауқымды әскери операцияларды жүргізудегі шынайы даярлығын бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық гвардия сияқты әскери құрылымдардың бірлескен әрекетін жетілдіру мен бақылауды күшейту үшін қажет екенін атап өткен жөн. Осындай жаттығулар жеке құрамды жауынгерлік шыңдау, дене даярлығы мен төзімділігін бекіту және алыс қашықтыққа әскерді жеткізу дайындығын нығайтуға бағытталады. «Қаратау-2016» оқу-жаттығуына 7 000-нан аса әскери қызметші қатысуда. Жалпы саны 2500-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 70-тен аса ҚР ҚК ӘҚК және ҚР Шекара қызметінің әуе техникасы тартылған.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды