• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е. Қарин: Әлемдік саясатта халықаралық қатынастар жүйесіне әсер ететін аймақтық державалардың рөлі артуда

Е. Қарин: Әлемдік саясатта халықаралық қатынастар жүйесіне әсер ететін аймақтық державалардың рөлі артуда

21 Сәуір, 2016 15:07
Әлемдік саясатта өңірлік саясатқа және жалпы халықаралық қатынастар жүйесіне әсер ететін аймақтық державалардың рөлі артуда. Бұл туралы ХІІІ Еуразиялық медиа форум аясында белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин айтты.

«Бұрынғы әлем бір немесе екі державаға үстем рөліне негізделген және ол өзгеруде. Америка құрама штаттарының рөлі супердержава ретінде өзгеріске ұшырауда, болокаралық қарсыластық кетуде, оның орнына түрлі коалициялар болуда. Черчилль бір сөзінде алыптардың уақыты кетуде, олардың орнына ергежейлер келеді деген. Қазір көріп тұрғанымыздай, әлемдік саясатта аймақтық державалардың, басқа деңгейлі ойыншылардың рөлдері артуда және олар аймақтық саясатқа, аймақтық және халықаралық қарым-қатынастарға әсер етеді»,-деді ол.

Сарапшының айтып өткеніндей, мысалдың бірі болатындай, екінші қатардағы ойыншылар одан да жоғары сатыға көтерілгісі келгенде, аймақтық геосаяси процестерге ене бастайды, ал жаһандық державалар ұстанымдық қасиеттерін ақырындап жоғалта бастайды, АҚШ пен Сауд Арабия қарым-қатынастары болып табылады.

«Бұл жерде тек Сауд Арабиясы ғана емес, ол Иран, Түркия және Қытай да. Яғни, жаһандық саясаттағы қайта күрделі процесс болып табылады, жаңа ойыншылар ұсынылады. Мысалы, басында G7 болды, содан кейін G8, одан әрі G20. Әғни, біздің көріп отырғанымыздай, жаһандық өңірлік шешімдерді қабьылдауда елдердің саны көбею үстінде. Және бұл елдер ірі ойыншылардың мәртебесіне ие болуда»,-деді Е.Қарин.  

Естерінізге сала кетейік, Астанада XIII Еуразия медиа форумы өтуде. Форумға әлемге танымал экономистер, саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері әлемдік экономиканың келешегі, араб дүниесіндегі геосаяси салдары, Еуропалық одақтың болашағы, ХХI ғасырдағы ақпараттық соғыс, мұнай өндіруші елдердің имимджі және теле-кино индустриясының қоғамға ықпалын талқылауға жиналды.

Осы жылы Қазақстанға әлемнің 50 елінен 30 спикер және 400 ден астам делегет келді. БАҚ 400-ден астам өкілі форумнан хабар тарататын болады.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар