• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Василенко: ЕАМФ – Батыс және Шығыс елдері арасында шешім шығаратын халықаралық алаң (ВИДЕО)

Р.Василенко: ЕАМФ – Батыс және Шығыс елдері арасында шешім шығаратын халықаралық алаң (ВИДЕО)

21 Сәуір, 2016 14:32
Еуразиялық медиафорум Батыс-Шығыс елдері арасында шешім шығаратын халықаралық алаңға айналды, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

«Еуразиялық медиа форум жұмыс істеген 13 жыл ішінде шекарасын кеңейтті. Бұл жаһандық шара, әлем көшбасшыларының күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер талқылануда. Қатысушылардың деңгейі өте жоғары. Оның ішінде  сарапшылар, саясаткерлер, мемлекет басшылығы бар. Меніңше, ЕАМФ Шығыс пен Батыс елдерінің шешім қабылдауына арналған халықаралық алаңға айналды», - деді Р.Василенко.

Ол атап өткендей, аталмыш форумның күн тәртібіне Таяу Шығыстағы оқиға немесе Еуропадағы дағдарыс тақырыбы шығарылып отыр.

«Меніңше, осындай ашық ақпарат алмасу алаңында шындықтың дәні ізделіп жатыр», - деді Р.Василенко.

Айта кетейік, бүгін Астанада XIII Еуразия Медиа Форумы өтіп жатыр. Форумға әлемнің 50 елінен 30 спикер мен 400 делегат келді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының 400-ден астам өкілі форумнан хабар таратып жатыр. Форум барысында бүгін негізгі 4 мәжіліс өтеді. Сондай-ақ белгілі журналистер, саясаткерлер мен экономистер 5 шеберлік сабағын өткізеді. 

Ботагөз Айтжанова

Видео: Азамат Әлиев

 

Барлық жаңалықтар