- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Келімбетов: Қазақстанның инфляциялық таргеттеу режиміне көшуі сыртқы құбылыстарды еңсеруге мүмкіндік береді
Қ.Келімбетов: Қазақстанның инфляциялық таргеттеу режиміне көшуі сыртқы құбылыстарды еңсеруге мүмкіндік береді
«Мен мұнай бағасының төмендеп жатқанымен келісемін. Бұл ескерту белгісі. Бүгінде әлем мұнай өнімдерін пайдаланбайтын технологияларды құру бағытында жұмыс істеп жатыр. Жаңа технологиялар мұнай өнімдеріне тәуелділікті жоюуы мүмкін. Инфляциялық таргеттеу режиміне көптеген елдер қатаң валюталық курспен қосылды. Бізде сол бағыт бойынша келе жатырмыз. Оның ішінде икемдірек айырбастау бағамына ауысудамыз. Бұл өз кезегінде сыртқы құбылыстарды еңсеруге мүмкіндік береді. Мысалы Колумбия, Мексика, Ресей және Қазақстан секілді елдер валюта дәлізі мен валюта бағамы бойынша қатаң саясаты бар елдерге қарағанда мұнай нарығындағы құбылмалыққа ерекше дайындықпен келді. Мұнай бағасының төмендеп бара жатқаны – қағылған дабыл екеніне келісемін. Бұл өте қысқамерзімді құлдырау болғанын көрдік. Құлдыраудың қысқамерзімділігі мен оның тиісті елдерде нақты құрылымдық реформаларды ынталандырмағандығының арасында айырмашылық бар. ОПЕК-тің қойған шектеуі, меніңше, тақтатасты өндірумен алмастырылды. Қазір барлығы Париждегі конференция талаптарына сәйкестендірілмекші», – деді Қ.Келімбетов.
Бұдан басқа, Келімбетов Қазақстан үшін шикізаттық тәсілдерге негізделген модельден экономиканы әртараптандыруға көшудің мүмкіндіктерін түсіндіріп берді.
«Көптеген елдер инфляциялық шектеу, аса икемді бағам саясатына қосылды. Біз ресейлік тәжірибе бойынша қадағалау жасап, икемді айырбас бағамына көштік. Колумбия, Мексика, Ресей және Қазақстан секілді елдер валюталық шектеу және валюталық бағам бойынша қатаң саясат ұстанатын елдерге қарағанда мұнай нарығындағы құбылмалылыққа біршама дайындалғанына көзіміз жетті», – деді Қ.Келімбетов.
Айта кетейік, бүгін Астанада XIII Еуразия Медиа Форумы өтіп жатыр. Форумға әлемнің 50 елінен 30 спикер мен 400 делегат келді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының 400-ден астам өкілі форумнан хабар таратып жатыр. Форум барысында бүгін негізгі 4 мәжіліс өтеді. Сондай-ақ белгілі журналистер, саясаткерлер мен экономистер 5 шеберлік сабағын өткізеді.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді