• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО мен АҚШ арасындағы сыртқы сауда айналымы 6,0 млн АҚШ долларын құрап отыр

ШҚО мен АҚШ арасындағы сыртқы сауда айналымы 6,0 млн АҚШ долларын құрап отыр

21 Сәуір, 2016 12:59
Облыс әкімі АҚШ-тың ҚР-ғы дипломатиялық миссия басшысының орынбасары Джон Марк Поммершайммен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кездесу барысында түрлі салалардағы серіктестікті дамыту сұрақтары талқыланды.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып өтті. Өз кезегінде Поммершайм мырза Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі мәдени, экономикалық және өз салаларда әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.

Айта кетсек, облыс пен АҚШ арасындағы сыртқы сауда айналымы 1,8% -ды құрап отыр.

2016 жылдың басынан Шығыс Қазақстан облысының Америка Құрама Штаттарымен сыртқы сауда айналымы 6,0 млн. АҚШ долларын құрап отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар