Астанада экологиялық күзет ұйымы құрылды

21 Сәуір, 2016 12:38
Астандаа экологиялық күзет ұйымы құрылды, ол табиғатты қорғау полициясы мен еріктілерден құралған. «Астана экокүзет» мүшелері қоршаған ортаға зиянын тигізетін факторларды ескереді.

«Астана Экокүзеті» 50 еріктілерден құралған, олардың қатарында студенттер бар, сондай-ақ, 25 табиғатты қорғау полициясы да жұмылдырылған.

«Жас қорғаушылардың басты міндеті құқыққорғау органдары қызығушылық танытқан экологиялық проблемаларды табу. Рейдтік шаралар барысында студенттер  қаладағы абаттандыру тәртіптерін бұзу, сурет пен видеоесеп барысында әшкерелейді», - деді ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Нұрлан Уваев Астанадағы баспасөз конференция барысында.

Оның айтуынша, «Астана экокүзетінің» өкілдері тәртіпбұзушылықты байқаса оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырады.

«Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан орындарда, шағын және орта бизнес алаңдарында, дүкендер маңында қадағалау жұмыстары жүргізіледі. Біз длада қоқыс тастайтын адамдар бойынша ғана емес, сондай-ақ, ПИК және ШОБ кәсіпорындары алаңдарында жұмыс істейміз», - деді Н.Уваев.

 

 

Барлық жаңалықтар