- Басты
- Жаңалықтар
- «Дала қыраны» оқу-жаттығуы аясында 500-ден аса әскери қызметші және шамамен 60 бірлік жауынгерлік және арнайы техника жұмылдырылды (ФОТО)
«Дала қыраны» оқу-жаттығуы аясында 500-ден аса әскери қызметші және шамамен 60 бірлік жауынгерлік және арнайы техника жұмылдырылды (ФОТО)
Жалпы алғанда, 2016 жылдың 11 сәуірінде басталған оқу-жаттығуға 500-ден аса әскери қызметші және шамамен 60 бірлік жауынгерлік және арнайы техника тартылды. Бітімгершілік оқу-жаттығудың алғашқы фазасының соңғы күнінде 10 оқу нүктесі өрістетілді.
Онда әскери қызметшілер көлік пен адамдарды тексеру, елді мекенде жерүсті және әуеден патрульдеу, базаны күзету, тобырды тоқтату, медициналық көмек көрсету және жаралыларды көшіру, сондай-ақ суды шығару мен тазарту, алыс қашықтықтарға ізгілік жүкті алып жүру және қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды анықтау бойынша тапсырмаларды пысықтады.
Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер блок-бекетке шабуыл жасаған лаңкестерді залалсыздандыру бойынша іс-қимылдарды пысықтады. Ниет бойынша олар машинаны жарды және бір әскери қызметші ауыр жарақат алды. Парамедиктердің жеделділігінің арқасында алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді және жаралы бітімгерші лазаретке жеткізілді.
Бітімгершілік взводтың үйлесімді іс-қимылдарымен лаңкестер залалсыздандырылды. Келесі кезең бітімгершілердің тобырды басып тоқтатуы кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау болды. Ниет бойынша елді мекенді патрульдеу кезінде Қазбаттың бітімгершілік миссиясын жүргізу кезінде әскери қызметшілер босқындардың басқыншылық тобырына тап болды.
Бітімгершілер тобының командирі жағдайдың бақылаудан шығып кетпеуін сақтандыру үшін тобырды қалқандармен, келдектер және әскери техникамен тоқтатуға шешім қабылдады. Ереуілге шыққан босқындардың көшбасшысымен келіссөз арқылы тараптар ымыраға келді және әскерилердің тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілді. Әскери қызметшілердің айтуынша, дайындық кезеңінің бірінші фазасы сәтті өтті. Барлық діттеген мақсаттарымызға қол жеткіздік, жеке құрам қойылған тапсырмаларды орындауға әзір (БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына ұсыну).
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау