• Басты
  • Жаңалықтар
  • Х.Карзай: ОПЕК мұнай бағасын тұрақтандыру мүмкіндіктерін қарастыруы керек

Х.Карзай: ОПЕК мұнай бағасын тұрақтандыру мүмкіндіктерін қарастыруы керек

21 Сәуір, 2016 11:32
ОПЕК мемлекеттер ұйымы - мұнай экспорттаушылар мұнай бағасыны тұрақтандыру мүмкіндіктерін қарастырып, басқа елдерге зиян шектірмей пайда көруді ойластырулары қажет. Бұл туралы Ауғанстан Ислам Республикасының 12-ші Президенті Хамит Карзай Астанада өтіп жатқан ХІІІ-ші Еуразиялық медиа форумда (ЕАМФ) айтты.

«Мұнай әлемдік экономикада маңызды рөл атқаруын жалғастырып келеді. Өйткені бәрімізге қажет. Мұнай бағасының тұрақтанып, тұрақтылыққа мұқтаж экономикаға үлесін тигізсе: Сауд Арабиясы, Ресей, Иран. ОПЕК  мемлекеттер ұйымы - мұнай экспорттаушылар мұнай бағасыны тұрақтандыру мүмкіндіктерін қарастырып, басқа елдерге зиян шектірмей пайда көруді ойластырулары қажет», - деді Х.Карзай, мұнай бағасының бірден құлдырап кеткенін еске салып. .

Айта кетейік, Астанада XIII Еуразия медиа форумы ресми түрде ашылды. Форумға әлемге танымал экономистер, саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері әлемдік экономиканың келешегі, араб дүниесіндегі геосаяси салдары, Еуропалық одақтың болашағы, ХХI ғасырдағы ақпараттық соғыс, мұнай өндіруші елдердің имимджі және теле-кино индустриясының қоғамға ықпалын талқылауға жиналды.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар